Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің тарих мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен «Менің таңдауым» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Осы пікір таласқа С.Мәуленов атындағы гимназияның әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Бейсенова Сандугаш Аяпбергенқызы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Жалпы кездесу барысында талқыланған басты мәселелер: 1. Болашақ педагогтердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру; 2. Жас мамандардың қатарын толықтыру мақсатында қазіргі таңда мемлекет және мектеп тарапынан оларға көрсетілетін қолдаулар мен мүмкіндіктер жайлы ақпараттармен бөлісу; 3. Жас болашақ педагогтердің қазірден бастап мамандыққа деген мотивациясын шыңдау үшін осы бағытта ұйымдастырылған және ұйымдастыруға болатын инновациялық жобалар мен стартаптар туралы ақпараттар беру. Кездесу жалпы өте мәнді де мағыналы өтті. Осы сипаттағы жұмыстар топтамасы болашақ жас мамандарға тек қана ақпараттық сипат қана емес, сонымен қатар мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өз таңдауларының дұрыс екендігін тағы бір мәрте дәлелдейтіні сөзсіз!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің тарих мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен «Менің таңдауым» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
