ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ



2026 жылғы 16 қазанда С. Мәуленов атындағы гимназияда гимназия президентін сайлау өткізілді. Сайлаудың мақсаты – оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мектеп өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және демократиялық сайлау мәдениетін қалыптастыру.
Гимназия президенттігіне барлығы 6 үміткер ұсынылды:
– Анухан Жанель
– Байжан Асылжан
– Бауыржан Амели
– Жапар Жансая
– Ихласбек Жансұлу
– Тоқтар Мансұр
Дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып, оқушыларға өз таңдауларын жасауға мүмкіндік берілді. Сайлауға жалпы саны 490 оқушы қатысып, дауыс берді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 9-сынып оқушысы Байжан Асылжан С. Мәуленов атындағы гимназияның президенті болып сайланды.
Сайлау оқушылардың мектептің қоғамдық өміріне қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға ықпал етті. Жаңадан сайланған гимназия президентіне және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.