А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ AI SANA бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде білім алушылардың кәсіби бағдарлануын заманауи цифрлық шешімдер арқылы қолдау мақсатында «АI профориентолог» telegram каналын әзірлеп, бірінші болып чат-ботты С.Мәуленов атындағы гимназияда іске қосты.
АИ профориентолог – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интерактивті чат-бот болып табылады. Ол білім алушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, тұлғалық ерекшеліктері мен мансаптық құндылықтарын кешенді түрде талдап, кәсіби бағдар беру қызметін атқарады. Аталған құрал оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына, жеке әлеуетін дұрыс бағалауына және еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған.
2025 жылдың 5 қарашасында инженерлік және техникалық бағыттарды танымал ету, оқушылардың техникалық білімге қызығушылығын арттыру мақсатында гимназия оқушылары «Инженерлік академияның» жұмыс жоспарына сәйкес өткен Фестивальге қатысты.
2025 жылдың 8 қараша күні QAZGUU School ғимаратында Ашық есік күні өтті. Гимназиямыздың 10-11-сынып оқушылары қатысып, университет өкілдерімен кездесті. Іс-шарада оқушылар:
— университет жайлы ақпарат алды,
— болашақ мамандықтарымен танысты,
— тест тапсырып, жүлделер мен сыйлықтарға ие болды,
— түрлі ойындар мен викториналарға қатысып, қызықты әсер алды.
Ашық есік күні оқушылардың жоғары оқу орны жайлы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға септігін тигізді.
Іс-шара өте әсерлі өтті, оқушылар мотивация алып, жаңа білім көкжиегін ашты.
2026 жылдың 20 қаңтар күні гимназия әкімшілігі мен машықтанушылар арасында кездесу өтті. Бұл — болашақ педагогтарды ұстаз мәртебесіне бейімдеудің алғашқы сатысы. Гимназия директоры А.И.Мадибаев пен директордың орынбасары С.А.Бейсенова практиканттарға мектептің ішкі мәдениетін, оқытудың заманауи әдістемелерін және ұстаздық этиканың қыр-сырын түсіндірді. Әкімшілік тарапынан көрсетілетін қолдау практиканттарға мамандық таңдаудағы дұрыстығын дәлелдеп, олардың болашақта білікті ұстаз болып шығуына жол ашады.














