Қостанай, Алтынсарин 112
8-7142-51-29-77

♦️Биылғы жылы мерейтой иелеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастрылды.

♦️Биылғы жылы мерейтой иелеріне  арналған кітап көрмесі ұйымдастрылды. 
*Қожа Ахмет Ясауи(1093-1166) -930 жыл. Қожа Ахмет Ясауидың шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шағармасы-«Диуни  Хикмет»(Даналық кітабы) қыпшақ диалектерімен көне түркі тілінде жазылған. Қожа Ахмет Ясауи 1093 жылы Ясы қаласында дүниеге келген. Ұстазы—Арыстан баб. 
* Сұлтан Бейбарыске 800 жыл. Мәмлүк мемлекетінің төртінші султаны. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантімен құлдықтан қайраткерлікке дейн көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған әрі оны 17 жыл билеген. 
* Төле би Әлібекұлы(1663-1756). Қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазбек, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сыйланған. Артында «бүтін билікке Төле бижеткен» деген сөз қалған тарихи тұлға. 
* Махамбет Өтемсұлы туғанына 220 жыл. 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған азаттық көтерілісті ұйымдастырушы, және оның рухани көсемі. Қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, сол жолда құрбан болған әрі батыр  болған ақын. 

Кітапханаға келіп, көрмедегі кітаптарды оқуға тыңдаңыздар