Қостанай, Алтынсарин 112
8-7142-51-29-77

«Абай сөзі – қазақтың бойтұмары»

Бүгін, 28 наурыз күні, С.Мәуленов атындағы гимназияда қалалық білім бөлімінің жетекшілігімен, ұлы ақын А.Құнанбаевтың қара сөздерін насихаттау мақсатында «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» атты дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Көпеш Беген Қаженұлы,   ҚР білім беру ісінің үздігі, білім білім беру саласының құрметті қызметкері, "Ы.Алтынсарин", "Үздік педагог" медальдарының иегері  Биалаш Балтақызы Сүйінкина, білім бөлімі «Рухани жаңғыру» кабинетінің жетекшісі Иманкулов Е.А. қатысты. Модераторы – қазақ тілі пәні мұғалімі Міркемел А.М. Іс-шара барысында жиын қатысушыларын  мектепішілік Абай оқуларының жеңімпаздары  Сейтжанова Ақниет (7-с.) пен  Мухамбетсалыкова Малика (8-с.) Абай атамыздың  өлеңдерімен сусындатса,  Абдыкалыкова Нұрайым (7-с.) мен Құмарқызы Айдана (9-с.) қара сөздерін дәріптесе, Ыдырыш Елімай (8-с.) мен Хыдырбекқызы Айзия (7-с.) Абай атамызға арнауларын оқыды. Міркемел А.М. Абайдың «толық адам» іліміне байланысты өз мақаласын баяндады. Іс-шара соңында оқушылар қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Құрметті қонақтар мемориалдық мұражай тынысымен танысты.