📆2025 жылғы 25 сәуірде №31 жайлы орта мектебінде басқарудың тиімділігін арттыру және басшылардың кәсіби имиджін қалыптастыруға бағытталған «Директор – мектеп жүрегі» байқауының облыстық кезеңі өтті. Сайыс екі кезеңнен тұрды.
🔰Сырттай кезеңде байқауға қатысушылар эссе жазып, мектепті басқарудың тиімді тәжірибесі туралы бейнероликтер жасап, білім беру мекемесіндегі менеджментті жетілдіру бойынша инновациялық жобаларын ұсынды.
🔰Екінші кезеңде бірінші сырттай кезеңнен өткен 7 басшы визит карточкасын, кейс шешімдерін және шешендік шеберліктерін көрсету аясында өздерінің кәсіби қасиеттерін көрсетті.
🏆Барлық сынақтардың қорытындысы бойынша С.Мәуленов атындағы гимназиясының директоры Аслан Избасарович Мадибаев байқаудың жеңімпазы деп танылды!
👏👏👏Аслан Избасаровичті лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім саласындағы ізгі бастамаларында шығармашылық табыс тілейміз!👏👏👏
@kost__bilim
@kst_bilim_bolimi
@ibraeva.0707
@aslanmadibaev