Жалған терроризм – жай бұзақылық емес, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс. Әрбір жалған қоңырау немесе хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, маңызды кәсіпорындардың жұмысының тоқтауына себеп болады. 2025 жылдың 14 сәуір күні Қостанай қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Б. Бейсенова, 8- 9 сынып арасында «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» тақырыбы бойынша дәріс жүргізді.
