ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ сайттына қош келдіңіз

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ базасында жас ұстаздардың кәсіби дамуына арналған облыстық форум табысты өткізілді.

Форумның негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау, инновациялық идеялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізуге қолдау көрсету.

Форум барысында «Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жұмыс жүйесі таныстырылды. Әдістемелік бірлестіктің тәжірибелі ұстаздары инновациялық әдіс-тәсілдер мен шығармашылық идеяларын ортаға салды.

Ашық сабақтар мен шебер сыныптар ұйымдастырылып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби деңгейлерін көтерді. Форум аясында жас мамандарға арналған арнайы подкаст ұйымдастырылды. Подкастқа педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бибігүл Мазанқызы Утегенова, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбота Жаналыққызы Ермағанбетова және мектеп директоры, көшбасшы-басшы Аслан Ізбасарұлы Мадибаев қонақ ретінде қатысты. Подкаст барысында жас маманның кәсіби өсу жолындағы мүмкіндіктер мен қиындықтар талқыланды.

Форум жас мамандарға кәсіби тұрғыдан шабыт беріп, тәжірибе алмасудың алаңына айналды. Қатысушылар мен қонақтарға алғысымыз шексіз!

Ұстаз – уақытпен үндескен көшбасшы!

#ЖасМамандарФорумы #Инновация #ҚостанайБілім #ҰстаздарҮні #ЗаманауиҰстаз #СырбайМәуленовАтындағыГимназия

@kst_bilim_bolimi

@kost__bilim