2025 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласында, БҰҰ ғимаратында ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы Басқармасының кеңейтілген отырысы өтті.
2025 жылдың 25 сәуірінен бастап біздің гимназия ЮНЕСКО клубының мүшелігіне кандидат мәртебесіне ие болған еді. Алты ай бойы оқушылар мен мұғалімдер ЮНЕСКО қамқорлығымен ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға белсене қатысты.
Бүгін онлайн форматта гимназия директоры А. Мадибаев мектептің жұмысы, оқушылар мен педагогтардың жетістіктері жөнінде есеп берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Басқарма мүшелері С. Мәуленов атындағы гимназияны ЮНЕСКО клубының мүшелігіне қабылдау туралы шешімді бірауыздан қабылдады.
Ұжымымызды, оқушыларды және ата-аналар қауымын осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз!
Алда бізді үлкен де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Баршаңызды ЮНЕСКО қамқорлығымен өтетін іс-шараларға, байқаулар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырамыз.
3 ноября 2025 года в г. Алматы, в здании ООН, состоялось Расширенное заседание Правления Казахстанской национальной федерации клубов ЮНЕСКО.
С 25 апреля 2025 года наша гимназия имела статус кандидата в члены Клуба ЮНЕСКО. В течение шести месяцев учащиеся и педагоги школы активно участвовали в различных мероприятиях, проходивших под эгидой ЮНЕСКО.
Сегодня, в онлайн-формате, директор гимназии А. Мадибаев выступил с отчетом о работе школы, достижениях учащихся и педагогов.
По итогам заседания члены Правления единогласно приняли решение о включении Гимназии имени С. Мауленова в число членов Клуба ЮНЕСКО.
Поздравляем коллектив, учащихся и родительскую общественность с этим знаменательным событием!
Впереди — большая и разноплановая работа. Приглашаем всех к активному участию в мероприятиях, конкурсах и акциях, проводимых под эгидой ЮНЕСКО.

