ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Құрметті жерлестер, әріптестер, оқушылар мен ата-аналар қауымы!

Сіздерді еліміздің ең қастерлі де ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арман-аңсары жүзеге асқан, егемен ел болып еңсемізді тіктеген тарихи тағдырлы күн.

Тәуелсіздік – халқымыздың бірлігі мен берекесінің, еркіндігі мен болашағына деген сенімінің нышаны. Азаттық жолында жанын қиған боздақтардың ерлігі, елін қорғаған батырлардың рухы – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі. Егемен ел ретінде Қазақстан әлем қауымдастығында өз орны бар, ынтымағы жарасқан, тұрақты дамуға бет алған мемлекетке айналды.

Бүгінгі жас ұрпақ – Тәуелсіздіктің ең басты тұғыры, ел ертеңінің кепілі. Білімді, тәрбиелі, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ парызымыз. Ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен еңбегі арқылы еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел боларына кәміл сенемін.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Көк байрағымыз биікте желбіреп, Қазақстанымыз әрдайым гүлдене берсін!