Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар!
Мектебіміз қалалық «Ең үздік қысқы мектеп ауласы» қысқы байқауында «Шығармашылық белсенділік пен көркемдік қабілет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл нәтиже баршамыздың бірлескен еңбегіміздің арқасында қол жеткізілді.
Әрқайсыңыз ортақ іске өз үлестеріңізді қостыңыздар.
Педагогтерге ұйымдастырушылығы мен бастамашылдығы үшін алғыс білдіремін.
Оқушыларға белсенділігі мен шығармашылығы үшін рақмет.
Ата-аналарға қолдауы мен көмегі үшін алғыс айтамын.
Баршаңызға мектеп өміріне бейжай қарамай, атқарған еңбектеріңіз үшін рахмет.
Құрметпен,
гимназия директоры
А. Мадибаев



