Педагогикалық идеялар фестиваліндегі Қостанай облысы педагогтарының жетістігі 2026 жылғы 8–9 қаңтар күндері «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы өтті. Аталған фестиваль Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам педагогты біріктіріп, озық білім беру бастамаларын таныстыруға және үздік педагогикалық тәжірибелермен алмасуға арналған кәсіби алаңға айналды. Байқауға Қостанай облысы атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары — 10 педагог қатысып, олардың 8-і жүлделі орындарға ие болды. 🥉 ІІІ дәрежелі диплом иегері: Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Замзагүл Мұратбекқызы Досымова. Жүлдегер ұстазды жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы кәсіби қызметіне табыс, шығармашылық ізденіс пен толағай жеңістер тілейміз.






