ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

2026 жылғы 22 қазанда Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының өкілі, подполковник Хабибуллаев Руслан Қасымжановичтің қатысуымен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, әскери мамандықтарға қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету.

Кездесу барысында подполковник Руслан Қасымжанович академияның қызметі мен білім беру бағыттары, оқуға қабылдау тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, медициналық және дене шынықтыру даярлығы, оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар шекара қызметінің маңыздылығы, әскери қызметшілердің міндеттері мен кәсіби мүмкіндіктеріне тоқталды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, академияға түсу және болашақта шекарашы мамандығын меңгеру жолдары туралы толық ақпарат алды.

Аталған іс-шара оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, Отан алдындағы жауапкершілігін арттыруға және әскери мамандықтарды таңдауға деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.

2026 жылдың 03 қазанында 6697 әскери бөлімі ТжӘҚЖ бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, майор Ибрагимова Жанар Нурқанқызы Ұлттық ұлан Академиясына түсу бойынша үгіттеу жұмыстары өткізілді.

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ AI SANA бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде білім алушылардың кәсіби бағдарлануын заманауи цифрлық шешімдер арқылы қолдау мақсатында  «АI профориентолог» telegram каналын әзірлеп, бірінші болып чат-ботты С.Мәуленов атындағы гимназияда  іске қосты.

АИ профориентолог – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интерактивті чат-бот болып табылады. Ол білім алушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, тұлғалық ерекшеліктері мен мансаптық құндылықтарын кешенді түрде талдап, кәсіби бағдар беру қызметін атқарады. Аталған құрал оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына, жеке әлеуетін дұрыс бағалауына және еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған.

2025 жылдың 5 қарашасында инженерлік және техникалық бағыттарды танымал ету, оқушылардың техникалық білімге қызығушылығын арттыру мақсатында гимназия оқушылары «Инженерлік академияның» жұмыс жоспарына сәйкес өткен Фестивальге қатысты.

 

2025 жылдың 8 қараша күні QAZGUU School ғимаратында Ашық есік күні өтті. Гимназиямыздың 10-11-сынып оқушылары қатысып, университет өкілдерімен кездесті. Іс-шарада оқушылар:

— университет жайлы ақпарат алды,

— болашақ мамандықтарымен танысты,

— тест тапсырып, жүлделер мен сыйлықтарға ие болды,

— түрлі ойындар мен викториналарға қатысып, қызықты әсер алды.

Ашық есік күні оқушылардың жоғары оқу орны жайлы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға септігін тигізді.

Іс-шара өте әсерлі өтті, оқушылар мотивация алып, жаңа білім көкжиегін ашты.

 

 

.

2026 жылдың 20 қаңтар күні гимназия әкімшілігі мен машықтанушылар арасында кездесу өтті. Бұл — болашақ педагогтарды ұстаз мәртебесіне бейімдеудің алғашқы сатысы. Гимназия директоры А.И.Мадибаев пен директордың орынбасары С.А.Бейсенова практиканттарға мектептің ішкі мәдениетін, оқытудың заманауи әдістемелерін және ұстаздық этиканың қыр-сырын түсіндірді. Әкімшілік тарапынан көрсетілетін қолдау практиканттарға мамандық таңдаудағы дұрыстығын дәлелдеп, олардың болашақта білікті ұстаз болып шығуына жол ашады.