С. Мауленов атындағы гимназияда «Биле, Қазақстан!» атты би байқауы жоғары деңгейде өтті. Шара ұлттық дәстүр рухында ұйымдастырылып, ерекше көрініс тапты. Байқаудың әділқазылар алқасы филармониядан арнайы шақырылған мамандардан құралды. Сонымен бірге, қазылар құрамында «Зори» би ансамблінің тәжірибелі солисттері болды.
Жеткіншектер арасындағы бұл өнер додасы 5–8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қатысушылар үздік өнер көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға бас жүлде, грамоталар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұл игі шараны мектептің білікті хореографы Бертағыұлы Ғалым ұйымдастырды. Оның кәсіби еңбегі мен шеберлігі сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.
