ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

2026 жылдың 2 ақпанында жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында облыстық сотқа танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларды құқық қорғау саласының жұмысымен таныстыру, сот жүйесінің қызметі туралы түсініктерін кеңейту және болашақ мамандық таңдауға ықпал ету болды.
Іс-шара барысында оқушылар облыстық соттың құрылымымен, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерімен танысты. Сот отырысының өту тәртібі, заң талаптары, азаматтық және қылмыстық істердің қаралу ерекшеліктері туралы нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды.
Бұл кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, заң саласына деген қызығушылығын оятты. Экскурсия жоғары сынып оқушылары үшін пайдалы әрі мазмұнды тәжірибе болып, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына мүмкіндік берді.