«Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу, кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Жастар сарайында іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары қатысып, құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, полиция қызметкерлері нақты өмірлік жағдайларға байланысты түсіндірмелер жасап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың салдары мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.





