“Ашық есік” күні 14-17 сәуір аралығында ұйымдастырылған іс-шараға 8-сынып оқушыларының ата-аналары белсенді қатысып, сабақтарға қатысты. Бұл шара ата-аналарға оқу процесімен жақынырақ танысуға, мұғалімдердің әдіс-тәсілдерін көруге және өз балаларының білім алу деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Осындай ашық форматтағы кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушының дамуына оң әсерін тигізеді.
