ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Қостанай қаласында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай ерекше әсерге толы мерекелік флешмоб ұйымдастырылды.
«Жастар Сарайы» алаңына жиналған 1500-ге жуық түлек ұстаздарымен бірге достық пен балалық шақтың символына айналған «Жан досым» әнін шырқап, мектеппен қимастықпен қоштасты.
Іс-шара барысында гимназия оқушылары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген ақ тілектерін білдірді.
Шара соңында жас түлектер «Біз — Қазақстанның болашағымыз!» деп ұрандап, ел ертеңіне деген сенімдері мен асқақ армандарын паш етті.