2026 жылдың 25 мамыр күні гимназияда 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілегін арнап, ұстаздар мен ата-аналарға ризашылығын жеткізді.
Биылғы оқу жылы мазмұнды әрі ерекше оқиғаларымен есте қалды. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өткен «Түлек ағашы» акциясында түлектер мен жас бүлдіршіндер бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызып, туған мектепке деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті.
Іс-шара барысында ұйымдастырылған әсерлі флешмоб, қимас сәттер мен қоңырау үні мектеппен қоштасып тұрған түлектер үшін ерекше естелікке айналды.
«Білімім – Отаныма!» атты мереке жас түлектердің жаңа өмірге жасаған сенімді қадамын айшықтап, үлкен армандарға жол ашқан жарқын күн болды.
