ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

1 қыркүйек – Білім күні

Бүгін гимназиямызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға «Заң және тәртіп» қағидаты, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, белгіленген ережелерді сақтаудың және өз әрекеттерінің нәтижесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сынып сағаттарына арнайы қонақ ретінде Қостанай облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Аубакиров Бауржан Габдылуахитович және Қостанай қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Бейсенова Асем Бахиткиреевна қатысып, оқушылармен маңызды әрі мазмұнды әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар, Қостанай өңірлік университетінің Ауыл шаруашылық ғылымдар факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нугуманов Алмабек Батыржанұлы және Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Ауыл және орман шаруашылығы солтүстік-батыс университетінің агрономия профессоры Вейсин Шан 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, болашақ түлектерге мамандық таңдауға қатысты бағыт-бағдар берді. Кездесу барысында жоғары білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби болашаққа қатысты құнды кеңестер айтылды.

Сондай-ақ ардагер ұстаздарымыз Рахметкалива Бақытжамал Қабатайқызы мен Әмір Гүлбадан Сейілханқызы сынып сағаттарына қатысып, жас ұрпақ өкілдерімен жылы жүздесіп, адамгершілік құндылықтары мен ізгі қасиеттердің маңызы туралы тағылымды әңгіме өрбітті.

📚 Білім күні – жаңа оқу жылының бастауы ғана емес, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызды кезеңі.

Жаңа оқу жылы барша оқушыларымызға сәттілік, биік жетістіктер және жарқын болашақ әкелсін! 🇰🇿✨

#БілімКүні #1Қыркүйек #АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #ЖауаптыҚоғам #СМәуленовГимназиясы #ЖаңаОқуЖылы

🌿 «Жаңа кезеңге бір қадам»

Бүгін гимназиямызда 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жаңа кезеңге бір қадам» тақырыбында маңызды ата-аналар жиналысы өтті.

Жиынды гимназия директоры А. И. Мадибаев кіріспе сөзбен ашып, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Өз сөзінде мектеп пен отбасы арасындағы өзара түсіністік пен серіктестіктің бала тәрбиесі мен білім алуындағы маңыздылығына тоқталды.

Жиналыс барысында ата-аналарға 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне қатысты маңызды ақпараттар беріліп, келесі мәселелер талқыланды:

📚 5-сынып білім алушыларының оқу процесін ұйымдастыру
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г. К. Балтабаева орта буындағы оқу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, оқу процесінің ұйымдастырылуы туралы түсінік берді.

🧠 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі
Педагог-психолог Г. Т. Ниязбекова балалардың жас ерекшеліктері мен психологиялық бейімделу кезеңдеріне тоқталып, ата-аналарға құнды кеңестер мен ұсыныстар берді.

🤝 «5-сынып – жаңа кезең: балаға бейімделуге, өзін сенімді әрі қауіпсіз сезінуге қалай көмектесеміз?»
Әлеуметтік педагог А. А. Бекбаева баланың жаңа ортада өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін ата-ана мен мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін түсіндірді.

Жаңа оқу жылы – бала өміріндегі маңызды өзгерістердің бірі. Осы кезеңде ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы өзара түсіністік пен қолдау ерекше мәнге ие.

💚 Бала болашағы – мектеп пен ата-ананың ортақ мақсаты.
Бірлескен қадамдарымыз сәтті болсын!

#ЖаңаКезеңгеБірҚадам #5Сынып #АтаАнаЖиналысы #МектепЖәнеАтаАна #БалаБолашағы #СМәуленовГимназиясы

📚 Білім күніне орай ата-аналармен арнайы сұхбат

Білім күніне орай 5-сынып оқушыларының ата-аналары — Кабидуллаева Альмира Нурланова және Койшибаева Гульдина Маратовнамен арнайы сұхбат жүргізілді.

Сұхбат барысында ата-аналар жаңа оқу жылына қадам басқан балаларға ақ тілектерін білдіріп, оқу жолында сәттілік пен жарқын жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, балаларының білім алуы үшін гимназиямызды таңдаудағы негізгі себептерімен бөлісіп, білім сапасы, оқу ортасы және мектептің мүмкіндіктері туралы өз пікірлерін білдірді.

Ата-аналардың жылы лебізі мен гимназияны таңдауы — мектеп ұжымына деген жоғары сенімнің және білім сапасына деген оң көзқарастың жарқын көрінісі.

🤝 Мектеп пен ата-ана арасындағы берік серіктестік — бала жетістігінің маңызды кепілі.

Жаңа оқу жылы барша оқушыларға жарқын жетістіктер, биік белестер мен толағай табыстар әкелсін! 🌟

#БілімКүні #5Сынып #АтаАна #МектепТаңдауы #МектепЖәнеАтаАна #СМәуленовГимназиясы