🏆 *ГРАН-ПРИ – ЖАС ҰСТАЗДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ!*
🎉 *ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!*
Жас математика мұғалімдері арасында ұйымдастырылған *«Future Math Teacher» қалалық сырттай байқауында* С.Мәуленов атындағы гимназияның математика пәні мұғалімі *Сапақов Бақдәулет Сейитбекұлы* жоғары нәтиже көрсетіп, *ГРАН-ПРИ* иегері атанды! 🏆
Бұл жеңіс – жас педагогтің кәсіби шеберлігінің, шығармашылық ізденісінің, жаңашыл көзқарасы мен білім беру ісіне деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
✨ Жас маманның осындай биік жетістікке жетуі – гимназиямыз үшін зор мақтаныш әрі педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуетінің жарқын көрсеткіші!
💐 Бақдәулет Сейитбекұлын айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, тың идеялар, кәсіби өсу мен жаңа белестер тілейміз!
*ЖАС ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР НЫҚ ҚАДАМ!*
#FutureMathTeacher #ГранПри #ЖасПедагог #ҮздікМұғалім #Математика #ҰстазЖетістігі #СМәуленовГимназиясы #Қостанай #Білім

