ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Бүгін С.Мәуленов атындағы гимназиясы мен «Зерделі» оқу орталығы арасындағы меморандум аясында 5-сынып оқушылары математикадан олимпиадаға қатысты. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру және олардың бойындағы дарындылықты қолдау.

Оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тапқырлығын танытып, күрделі тапсырмаларды орындауда стандарттан тыс ойлай білетінін дәлелдеді. Олимпиада балаларға өз күшін сынап, зияткерлік бәсекелестіктің қызықты рухын сезінуге үлкен мүмкіндік болды.

Ынтымақтастығы үшін «Зерделі» оқу орталығына алғыс айтамыз, ал шәкірттерімізге белсенділігі мен табысқа деген талпынысы үшін ризашылығымызды білдіреміз!