2026 жылдың 30 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күніне орай гимназия қабырғасында мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың достыққа, татулыққа және ұлттар арасындағы өзара құрметке деген көзқарасын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, ұлттық билер биленіп, көріністер қойылды.
Оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде болып, достық пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте сезінді. Осындай игі шаралар жас ұрпақты татулыққа тәрбиелеп, еліміздің болашағының жарқын болуына өз үлесін қосады.
