«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Қамқор» жобасын іске асыру мақсатында
С.Мәуленов атындағы гимназия ұжымы мен оқушылары
қайырымдылық шарасын өткізді.
Ізгі іс аясында отбасыларға азық-түлікпен қамтамасыз етіліп,
жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетілді. Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі ниет.
Ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына белсенді қатысып,жақсылық жасауға үлес қосқан мектеп әкімшілігіне және барша мұғалімдерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында көпбалалы, жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек көрсетілді.
🤍 Жақсылық жолындағы әрбір қадам – үлкен сауап.
Ізгі істеріңіз еселеніп қайтсын 🤲

