Бүгін гимназия қабырғасында түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Мерекелік шараға қала әкімі Жүндібаев Марат Қонысбайұлы қатысып, түлектерді маңызды өмірлік белеспен құттықтады. Өз сөзінде ол жас түлектерге ақ жол тілеп, білім мен еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болатынын атап өтті.
Биыл гимназияны аяқтаған түлектердің қатарында 4 «Алтын белгі» иегері мен 3 үздік аттестат иесі бар. Бұл – оқушылардың көп жылғы табанды еңбегі мен ұстаздар мен ата-аналардың тынымсыз қолдауының нәтижесі.
Салтанатты рәсім барысында түлектерге аттестаттар табысталып, үздік оқушылар марапатталды. Мерекелік кеш әсерлі құттықтауларға, жүрекжарды лебіздерге және жарқын естеліктерге толы болды.
Түлектерімізге алдағы өмір жолында сәттілік, биік мақсаттар мен толағай табыстар тілейміз! Ақ жол, жас түлектер!
