Білім беруді цифрландыру аясында инновациялық әдістерді енгізу қарқынды жалғасуда. Гимназиямыздың жас маманы, тарих пәні мұғалімі Абылхайыр Жанбосын жасанды интеллект бағдарламасы *Wordwall* платформасын тиімді қолданып, заманауи сабақ өткізді. Бұл тәжірибе оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жаңа білімді терең әрі тиімді меңгеруге жол ашты.
