ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Гимназиямыздың жаратылыстану-математика бағыты бойынша олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары — Амантай Мәди, Байжанова Асия және Тукен Елнұр — бүгін «Алау» телерадиокомпанияның тікелей эфирінде сұхбат беріп, өз жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары туралы әсерлі ойларымен бөлісті!

Бұл оқушылар — білімге құштарлықтың, еңбекқорлық пен табандылықтың жарқын үлгісі!
Осындай жетістікке жету жолында ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың шексіз қолдауы үлкен рөл атқарды.

Жетекшілеріне — шәкірттерін шабыттандырып, бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздарға зор алғыс білдіреміз! Олардың еңбегі – жас дарындардың табысының негізі.

Ал ата-аналарға — сенім мен қолдау көрсетіп, балаларының арманын қанаттандырғаны үшін ерекше алғыс айтамыз!

Гимназиямыздың атын абыроймен танытып жүрген жас таланттарымызға әрі қарай да шығармашылық шабыт пен биік белестер тілейміз!