ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 11 желтоқсанында сағат 18-00 – 19-00 аралығында 9-сыныптардың ата-аналарына арналған тақырыптық жиналыс өткізілді. Жиналысқа барлық 9-сынып оқушылары және олардың ата-аналары, 9-сыныпта сабақ беретін педагогтер мен әкімшілік мүшелері қатысты.
Жиналыстың мақсаты: 2025–2026 оқу жылындағы оқу үдерісі мен қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері, Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жөнінде ата-аналарды хабардар ету, 9-сынып оқушыларының оқу жетістігін арттыруға бағытталған талаптар мен міндеттерді түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың мінез-құлқы мен үлгеріміне қатысты мәселелерді талқылау және 9-сыныптан кейінгі білім беру бағытын таңдауға қолдау көрсету.
Жиналыс барысында келесі өзекті сұрақтар/мәселелер қаралды: 1) 2025-2026 оқу жылында оқу және қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері, негізгі орта білім курсын бітірушілер үшін оқу жылының ерекшеліктері туралы. (А.Мадибаев); 2) 9-сынып оқушыларына қорытынды аттестаттауға қойылатын талаптар мен міндеттер. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) жүргізу қағидаларымен таныстыру. Сабақтар мен вариативті курстарға сапалы қатысу туралы. (Г.Балтабаева); 3) Қорытынды аттестаттау шеңберінде негізгі пәндер бойынша өткізілетін емтихандарға алдын ала дайындау мәселелері. (сабақ беретін педагогтер); 4) Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің және аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу мәселелерін талқылау. (А.Бекбаева, Г.Ниязбекова); 5) 9-сыныптан кейінгі оқу бағытын таңдау мәселесі және сауалнама нәтижелерін талдау. (М.Кайырбекова); 6) Сыныптағы оқушылардың тәртібі мен үлгерімі туралы. (сынып жетекшілер).