Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 2–7 сынып оқушыларына арналған “Зерде” республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында 7 «А» сынып оқушысы Амантай Жансая ІІІ дәрежелі дипломға ие болды! Ғылыми жобаның жетекшісі: биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, жаратылыстану ғылымдары магистрі Абильдинова Мадина Жетписбаевна.
Жансаяны және жетекшісін осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, талай жеңіске жете беруіңе тілектеспіз!
