С 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен, Қазақстан Президентінің бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды Өңірлік экологиялық Саммит (RES 2026) өтті. Саммитке Орталық Азия елдерінен 1500-ден астам сарапшылар мен көшбасшылар қатысып, су қауіпсіздігі, Арал теңізі мәселесі және климаттық өзгерістердің өзекті бағыттарын талқылады. Іс-шара қорытындысында өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Экологиялық ынтымақтастық – Орталық Азия» декларациясы қабылданды. Аталған халықаралық деңгейдегі маңызды жиынға гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Қарымсаққызы Әдия қатысып, еліміздің жас буынының белсенділігін, экологиялық жауапкершілігін жоғары деңгейде көрсетті.






