«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында гимназия педагогтері мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Ұстаздар аумақты қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, гүлзарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жинастырды.
Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы педагогтер оқушыларға қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың, табиғатты қорғаудың және қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудың маңыздылығын өз үлгісімен көрсетеді.
«Таза Қазақстан» – туған жерге деген құрметті, экологиялық мәдениетті және ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бірлескен еңбек нәтижесінде гимназия аумағы көркейіп, баршаға жайлы әрі таза орта қалыптасты.




