Жаңалықтар
15 тамыз – қазақтың біртуар композиторы, ән жанрының дара тұлғасы, халық жүрегінен орын алған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Жаңа оқу жылына дайындық аясында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға қажетті оқу құралдары табысталды. Балаларға қолдау көрсетіп, игі іске атсалысқан барша демеушілерімізге шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қайырымдылықтарыңыз – балаларға үлкен қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға мүмкіндік береді. Жақсылық жасаған жандарға […]
10 тамыз — Абай күніне арналған «Менің сүйікті Абай жолым» облыстық челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: — балалар мен жастар арасында Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында гимназия педагогтері мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Ұстаздар аумақты қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, гүлзарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жинастырды. Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы педагогтер оқушыларға қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың, табиғатты қорғаудың және қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудың маңыздылығын өз […]
Мектебімізде адалдық, парасаттылық және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру – тәрбие жұмысының маңызды бағыты. Сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекетке деген сенімге нұқсан келтіреді. Әрбір азамат осы келеңсіз құбылыспен күреске өз үлесін қоса алады. 📞 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болса, бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 байланыс орталығына хабарлаңыз. Адалдық әрқайсымыздан […]
