Жаңалықтар
«Саламатты мектеп» – білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған жоба. Жоба мектептерде денсаулыққа қолайлы орта қалыптастыруды, салауатты өмір салты дағдыларын дамытуды, инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларының алдын алуды және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сектораралық өзара іс-қимылды күшейтуді мақсат етеді.
Бүгін гимназия қабырғасында түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Мерекелік шараға қала әкімі Жүндібаев Марат Қонысбайұлы қатысып, түлектерді маңызды өмірлік белеспен құттықтады. Өз сөзінде ол жас түлектерге ақ жол тілеп, білім мен еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болатынын атап өтті. Биыл гимназияны аяқтаған түлектердің қатарында 4 «Алтын белгі» иегері мен […]
2026 жылдың 25 мамыр күні гимназияда 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілегін арнап, ұстаздар мен ата-аналарға ризашылығын жеткізді. Биылғы оқу жылы мазмұнды әрі ерекше оқиғаларымен есте қалды. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өткен «Түлек ағашы» акциясында түлектер мен жас […]
Қостанай қаласында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай ерекше әсерге толы мерекелік флешмоб ұйымдастырылды. «Жастар Сарайы» алаңына жиналған 1500-ге жуық түлек ұстаздарымен бірге достық пен балалық шақтың символына айналған «Жан досым» әнін шырқап, мектеппен қимастықпен қоштасты. Іс-шара барысында гимназия оқушылары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген ақ тілектерін білдірді. Шара соңында жас түлектер […]
2026 жылдың 30 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күніне орай гимназия қабырғасында мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың достыққа, татулыққа және ұлттар арасындағы өзара құрметке деген көзқарасын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, ұлттық билер биленіп, көріністер […]
С 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен, Қазақстан Президентінің бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды Өңірлік экологиялық Саммит (RES 2026) өтті. Саммитке Орталық Азия елдерінен 1500-ден астам сарапшылар мен көшбасшылар қатысып, су қауіпсіздігі, Арал теңізі мәселесі және климаттық өзгерістердің өзекті бағыттарын талқылады. Іс-шара қорытындысында өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Экологиялық ынтымақтастық – Орталық Азия» декларациясы қабылданды. […]
