ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Жаңалықтар

“Жасыл апта» Республикалық экологиялық челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және табиғатты қорғау қызметінің тәжірибелік дағдыларын дамыту. IMG_4078

Толығырақ

Гимназия қабырғасында «Балар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына» тақырыбында ақын, жазушы Абылай Маудановмен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жазушы ашық әрі шынайы жауап беріп, жастарға кітап оқудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол өз өлеңдерінен үзінді оқып, қатысушыларға рухани әсер сыйлады

Толығырақ

“Ашық есік” күні 14-17 сәуір аралығында ұйымдастырылған іс-шараға 8-сынып оқушыларының ата-аналары белсенді қатысып, сабақтарға қатысты. Бұл шара ата-аналарға оқу процесімен жақынырақ танысуға, мұғалімдердің әдіс-тәсілдерін көруге және өз балаларының білім алу деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Осындай ашық форматтағы кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушының дамуына оң әсерін тигізеді.

Толығырақ

Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. 🥇 І орын – Амантай Мәди (АУЭС білім гранты). Жетекшісі: Байкадамова Б.Б. 🥈 ІІ орын – Сейтжанова Ақниет. Жетекшісі: Әмір Г.С. 🥈 ІІ орын – Сәндібек Нұржан. Жетекшісі: Байкадамова Б.Б. Оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз! Бұл нәтиже – жүйелі дайындық пен үлкен еңбектің көрсеткіші. […]

Толығырақ

⚖️ Еліміздің 1000-ға жуық мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет сабақтары басталды 🛡 Бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірлерінде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде «Заң және тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары басталды. Жобаны ауқымды түрде енгізу туралы шешім Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық кезеңнің қорытындылары негізінде қабылданды. Онда оқушылар арасында буллинг пен құқық бұзушылықтардың төмендегені […]

Толығырақ

Дебат С.Мәуленов гимназиясында 9–10 сынып оқушылары арасында өтті. Іс-шара 2026 жылғы 16 наурыз күні ұйымдастырылды. Дебатқа қатысушылар екі командадан құралды: Үкімет командасы және Оппозиция командасы, әр командада 4–5 спикер болды. Сонымен қатар, дебатты әділ бағалау үшін 3 мұғалімнен тұратын әділқазылар панелі бекітілді.Дебат стандартты формат бойынша жүргізілді: Кіріспе сөз – әр команда тақырыпқа өз көзқарасын таныстырды. […]

Толығырақ

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Қамқор» жобасын іске асыру мақсатында С.Мәуленов атындағы гимназия ұжымы мен оқушылары қайырымдылық шарасын өткізді. Ізгі іс аясында отбасыларға азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетілді. Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі ниет. Ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына белсенді қатысып,жақсылық жасауға үлес қосқан мектеп әкімшілігіне және барша мұғалімдерге […]

Толығырақ

«Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу, кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Жастар сарайында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары қатысып, құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы […]

Толығырақ

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастыруымен «Психологияның кіші академиясы» аясында танымдық және ғылыми-тәжірибелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың психология ғылымына қызығушылығын арттыру, тұлғалық даму, кәсіби бағдар беру және психологиялық білімді насихаттау болды. Кездесу барысында қатысушыларға психология саласының бағыттары, оның қазіргі қоғамдағы маңызы және болашақ мамандық ретінде мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Толығырақ

С.Мәуленов атындағы гимназия ауласында “Таза Қазақстан” акциясы бойынша қар шығару жұмыстары жүргізілуде

Толығырақ