ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ»КММ САЙТТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Жаңалықтар

Мақтанышымыз – 11-сынып оқушысы Тавылды Айнар! Білім мен ғылым жолында табанды еңбек етіп жүрген 11-сынып оқушысы Тавылды Айнар республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Бұл – үлкен ізденістің, жүйелі дайындықтың және ғылыми ойлау мәдениетінің жемісі. Айнар өз жобасында өзекті тақырыпты терең зерттеп, теория мен практиканы ұштастыра білді. Оның […]

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастыруымен «Психологияның кіші академиясы» аясында танымдық және ғылыми-тәжірибелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың психология ғылымына қызығушылығын арттыру, тұлғалық даму, кәсіби бағдар беру және психологиялық білімді насихаттау болды. Кездесу барысында қатысушыларға психология саласының бағыттары, оның қазіргі қоғамдағы маңызы және болашақ мамандық ретінде мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Толығырақ

«Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу, кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Жастар сарайында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары қатысып, құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы […]

Толығырақ

2026 жылдың 4 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының өкілі жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында дәріс өткізді.

Толығырақ

2026 жылдың 2 ақпанында жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында облыстық сотқа танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларды құқық қорғау саласының жұмысымен таныстыру, сот жүйесінің қызметі туралы түсініктерін кеңейту және болашақ мамандық таңдауға ықпал ету болды. Іс-шара барысында оқушылар облыстық соттың құрылымымен, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерімен танысты. Сот отырысының өту […]

Толығырақ

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ AI SANA бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде білім алушылардың кәсіби бағдарлануын заманауи цифрлық шешімдер арқылы қолдау мақсатында  «АI профориентолог» telegram каналын әзірлеп, бірінші болып чат-ботты С.Мәуленов атындағы гимназияда  іске қосты. АИ профориентолог – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интерактивті чат-бот болып табылады. Ол білім алушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, тұлғалық ерекшеліктері мен мансаптық құндылықтарын кешенді түрде талдап, кәсіби бағдар беру қызметін […]

Толығырақ

С. Мауленов атындағы гимназияда «Биле, Қазақстан!» атты би байқауы жоғары деңгейде өтті. Шара ұлттық дәстүр рухында ұйымдастырылып, ерекше көрініс тапты. Байқаудың әділқазылар алқасы филармониядан арнайы шақырылған мамандардан құралды. Сонымен бірге, қазылар құрамында «Зори» би ансамблінің тәжірибелі солисттері болды. Жеткіншектер арасындағы бұл өнер додасы 5–8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қатысушылар үздік өнер көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді. […]

Толығырақ